Мектебімізде
2019 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты балалармыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өтілді. Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылуы кезінде көптеген атап айтарлықтай тәрбиелік іс-шаралар өтілді.Мектеп ауласындағы безендірулер көз тартарлықтай болды. «Біз бақытты балалармыз» сөздері жазылған баннерлер, шарлар мен алқызыл гүлдер, жалаушылар көздің жауын алды болды. Таңертеңгі жиынның ашылуына Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қыпшақбаева Қымбат Болатқызы жиынның қадірлі қонағы болды. Салтанатты жиынның ашылуында мектеп директоры Б.Бабашева оқушыларды мерекелерімен құттықтау сөзін сөйледі. Өз сөзінде мектеп жанындағы жазғы
сауықтыру демалыс лагерінде жақсы демалып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына барынша жағдай жасауға тырысамыз.»-деп мерекелік іс-шараның ашылуы
кезінде алғыс сөз сөйледі. Балалар
мерекелерімен құттықтау кезегін мектебімізге құрметті қонақ болып келгенЖамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі
Қыпшақбаева Қымбат Болатқызы балаларды мерекелерімен құттықтап, жаз мезгіліндегі
демалыс күндерін жақсы өткізулеріне жүрек жарды жылы лебізін білдірді. Мерекелік іс – шара көңілді ән –сазды бағдарламамен ұласты. Махан Димашев орындауында «Жаса қазақ» әні, 1 сынып оқушылары «Көңілді күн» биіне би биледі.2 сынып оқушылары Жанұзақ Әсия мен Көшербай Перизат «Ақ құс» әнін орындады.3 сынып оқушылары «Қуыршақ» биін биледі, Өзбекжан Гүлназ «Құстар» биімен елді таңғалдырды. 4-5 сынып оқушылары флешмоб биледі. Мерекелік іс – шара «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында асфальтқа сурет салу ұласып, оқушылардың көңілді жарыс ойындары мен спорт эстафеталарына қатысуымен есте қалды. Барлық оқушылар ойындар мен спорттық жарыстарға жоғары белсенділік пен қатысып, шат – шадыман көңіл кдоммен асыр салып ойнап – күлді. «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс – шара салтанатты жиынға қатысқан барлық балаларға балмұздақ таратумен аяқталды. Балмұздақты алып жатқан балалардың қуанышында шек болмады. Мерекелік жиын өз дәрежесінде, жоғары деңгейде өтті.