21
ноябрь
2025
Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі
Бала тәрбиесінде мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы серіктестікті нығайту, отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен эмоциялық әл-ауқатына қатысты маңызды мәселелерді талқылау мақсатында ата-аналар қоғамдастықтарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналар мен педагогтар баланың тұлғалық дамуы, ата-ана жауапкершілігі, отбасы құндылықтары, мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру жолдары бойынша пікір алмасты. Қатысушыларға практикалық ұсыныстар беріліп, балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.