«Әсемдік әлемінің шебері» танымдық саяхат сабағы ұйымдастырылды. » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 2-55-41
Бухгалтерия
+7(72) 2-55-41
Версия для
слабовидящих
» » «Әсемдік әлемінің шебері» танымдық саяхат сабағы ұйымдастырылды.
05
февраль
2025

«Әсемдік әлемінің шебері» танымдық саяхат сабағы ұйымдастырылды.

⚜️Жасампаздық және жаңашылдық 
🔰Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебі" КММ 
«Әсемдік әлемінің шебері» танымдық саяхат   сабағы ұйымдастырылды. 
🔹Мақсаты:
•    Қатысушыларға сұлулық индустриясы саласындағы кәсіпорындардың жұмысын көрсету;
•    Шеберлердің, стилистердің және өзге де мамандардың тәжірибесімен таныстыру;
•    Сәндік өнердің маңыздылығын түсіндіру;
•    Кәсіби бағдар беру және болашақ мамандық таңдауына ықпал ету.     
🔹   Аталған іс-шара кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес өткізілді. Танымдық саяхат барысында 10 сынып оқушылары – Болатқан Нұрай, Өзбекжан Гүлназ, Сәндібай Нұрмерей, Тараз қаласындағы «Айман» сұлулық салонының қызметімен танысты. Салон мамандары – кәсіби шеберлер, стилистер мен визажистер – оқушыларға сұлулық саласындағы мамандықтардың қыр-сыры туралы ақпарат берді. Олар шаштараз, визажист, тырнақ шебері сияқты мамандықтардың маңыздылығы мен даму перспективалары жөнінде әңгімеледі.
🔹  Сонымен қатар, оқушылар шеберлердің жұмыс барысын бақылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды. Салон қызметкерлері оқушыларға сұлулық маманы болу үшін қажетті дағдылар мен білім туралы кеңестер берді.
🔹    Іс-шара соңында қатысушылар танымдық саяхаттың пайдалы әрі қызықты болғанын атап өтіп, болашақ мамандық таңдауда осындай тәжірибелік кездесулердің маңыздылығын ерекше бағалады.
«Әсемдік әлемінің шебері» айлығы аясында ұйымдастырылған бұл шара оқушыларға сұлулық индустриясының қыр-сырын түсінуге және болашақ кәсіптерін таңдауға көмектесті.