Халықаралық Тараз университеті өкілдерінің 11-сынып оқушыларымен кездесуі » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 2-55-41
Бухгалтерия
+7(72) 2-55-41
Версия для
слабовидящих
» » Халықаралық Тараз университеті өкілдерінің 11-сынып оқушыларымен кездесуі
03
февраль
2025

Халықаралық Тараз университеті өкілдерінің 11-сынып оқушыларымен кездесуі

⚜️Заң және тәртіп 
🔰 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебі" КММ
🔹Халықаралық Тараз университеті өкілдерінің 11-сынып оқушыларымен кездесуі
🔹Кездесуге қатысқан университет өкілдері:   
 •    Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы – Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Экономика және бизнес факультетінің деканы.   
 •    Тастанбекова Қарлығаш Нышанбайқызы – Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі.   
 •    Ержегитова Алина Ермекқызы – Экономика және бизнес факультеті деканының орынбасары.
🔹Мақсаты – 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, оларды жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ экономика және бизнес саласындағы мамандықтар туралы кеңірек ақпарат беру.
🔹Кездесу барысында университет өкілдері оқу орны туралы жан-жақты мағлұмат берді. Олар Халықаралық Тараз университетінің тарихы, құрылымы, білім беру жүйесі және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндады.
🔹Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтары және халықаралық әріптестік байланыстары туралы айтып, студенттерге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибе алмасу бағдарламаларына ерекше тоқталды.
🔹Тастанбекова Қарлығаш Нышанбайқызы экономика және басқару саласындағы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіріп, қазіргі заманғы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы баяндады. Сонымен қатар, университеттің экономика және басқару кафедрасында оқытылатын негізгі пәндер мен олардың тәжірибелік маңыздылығы туралы ақпарат берді.
🔹Ержегитова Алина Ермекқызы талапкерлерге арналған жеңілдіктер, мемлекеттік гранттар, оқу ақысы, стипендиялық бағдарламалар және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.

🔹Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университетке түсу тәртібі, мамандық таңдау, оқу ақысы мен жатақхана мәселелері туралы нақты ақпарат алды. Университет өкілдері оқушылардың сұрақтарына толық әрі мазмұнды жауап беріп, жоғары оқу орнында білім алу мүмкіндіктері жайлы кеңес берді.