«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі
17
февраль
2020

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі

«Қандай ата-ана болмасын баласының басқа балалардан артық болғанын қалайды. Алайда, біз алдымен балаларымыздың Жақсы Адам болғаны туралы армандауымыз керек. Адам деген биік атақты бүкіл өмір бойғы сынақтардан шаң тигізбей алып өтуі хақында арман етуіміз керек»-дейді «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева.
Үстіміздегі жылдың 3-12-ақпан аралығында республика мектептерінде өткен дәстүрлі «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік Амангелді атындағы орта мектебінде салтанатты жиынмен басталып, «Балаға жүрек жылуы» деп аталған тақырыптық сынып сағаттарымен жалғасты.
Мектеп кітапханашылары «Мейірімді ана» деп аталған кітап көрмесін ұйымдастырып, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері сынып жетекшілермен біріге отырып «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыбында дөңгелек үстел, патриотизм мен адамгершілік, қайырымдылық туралы дебаттар өткізді. «Алтын жүректі анамыз» тақырыбындағы мәнерлеп оқу байқауында Сара Алпысқызына арналған өлеңдер оқылып, ән шырқалды. Шығармашыл оқушылар көмегімен «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты көрме ұйымдастырылды. Тараз қаласына оқушыларды қыдыруға апарып, көне қала тарихымен таныстырдық.
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік 12-ақпанда мектептің мәжіліс залында «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты өнер фестивалімен қорытындыланды.
«Өнер де жүрек ісі. Өнерді сүю, өнерге талпыну-ізгі ниет. «Өзіңді - өзің тани алсаң, бар тіршілікті де тани аласың» деген көнеден келе жатқан сөз бар. Жақсылық жасай білу, сүйіспеншілікпен өмір сүру-адамның өмірге келгендегі үлкен мақсаты. Өйткені, сүйіспеншілік-тіршіліктің бастауы, әлемді өзгерте алатын қуатты күш. Ал өнерге деген сүйіспеншілік - адамның өзін жан-жақты дамытуына, өзін-өзі тануына көмектесетін бірден-бір құдіретті дүние» - деп басталған бұл кеште негізгі мақсат оқушы балалардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту, өнерге баули отырып, ізгілік пен жақсылыққа тәрбиелеу болды. Тағылымды да тартымды сахналық қойылымдар қойылып, ән шырқалып, би биленді, оқушылардың өз шығармашылығынан өлеңдер оқылды. Кеш барысында Сара Алпысқызына арналған құттықтаулар айтылды. Кешке үлестерін қосқан оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.