"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік
Амангелді орта мектебінде "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбындағы онкүндік "Біз жарық жұлдыздармыз" атты өзін -өзі тану пәні мұғалімі Г.Жүмәсіл ұйымдастырған өнер фестивалімен қорытындыланды. 2-8 сыныптар арасында өткен іс-шарада рухани адамгершілік бағытындағы сахналық қойылымдар көрсетіліп, әдемі әндер шырқалып, мың бұралған билер биленді. Фестваль өте әсерлі,жоғары деңгейде өтті.