29
январь
2019
Мектеп директорының қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі
Амангелді атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Бабашева қамқоршылық кеңес алдында 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығындағы оқу -тәрбие үрдісінде атқарылған жұмыстарының есебін берді. Бұл жиналысқа қамқоршылық кеңес төрағасы Т.Спаналиев , қамқоршылық кеңес мүшелері С.Татаев , С.Жұмаханова , Қ.Есимбеков, Амангелді өндірістік кооперативінің төрағасы Қ.Қанаев, мектеп әкімшілігі, атаналар комитетінің төрайымы Ж.Шайнусова , АІІБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Н.Құлшынбаев және ата-аналар қатысты.
Мектеп директоры Б.Бабашева білім беру процесінде АКТ қолдану жағдайына тоқталып ел экономикасы орнықты даму үшін білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында сапалы тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, мектеп оқушыларының бойында рухани адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту білім беру ұйымдарының ең негізгі міндеттері болып қала беретіндігін атап өтті.
Қамқоршылық кеңесмектеп директорының есебіне оң баға беріп, қанағаттанатындарын білдірді.