21
январь
2019
Білім ұясының тарихы
Ал 1954-1955 жылдары шағын ұжымшарлар біріктіріліп (Бектөбе, Бірлігу, Қызылшарық, Октябрь) Амангелді атындағы үлкен ұжымшарды құрады. Осы кезде аталмыш мектеп Бектөбе елді мекеніне көшіріліп, М.Әуезов атындағы сегіз жылдық білім ошағына айналды.
Бұл білім ошағына білімді де, білікті, озат ұстаз Бопбеков Сембай Бәзілбекұлы, бұдан кейін Мұратбаев Тәліпбай сынды азаматтар басшылық жасады.
Білім ұясына 1978-1979 жылдары он жылдық қазақ орта мектебі болып қайта құрылуына байланысты Аманкелді Имановтың есімі берілді. Осы кезеңдерде мектептің басшылық тізгінін еліне құрметті, ақылды да іскер азамат Әшімбаев Ошақбай ұстап, мектептің оқу-техникалық базасын нығайту жолында аянбай еңбек етті. Әшімбаев Ошақбайдан кейін мектеп басшылығы Байсейітова Сабираның қолына өтті. Бірақ Сабира өмірден ерте озып,артына өшпес із қалдырып кетті. Мектеп директорлығы Ниязбекова Айша Бердешқызының қолына тиді. Білімді де білікті, қажымас-қайсар мінезді Айша Бердешқызы мектеп ғимаратының қайта жабдықталуына зор еңбек сіңіріп, мектепті аудан көлемінде алдыңғы қатардан көрсете білді. Осы еңбегінің арқасында Айша Бердешқызының қызметі жоғарылап, аудандық Білім бөліміне басшылық қызметіне ауысқан тұста мектеп директорлығы Әбдірайымова Жолдаскүл Еркінбекқызының құзырына көшті. Жолдаскүл де 1990-1998 жылдар аралығында мектеп директоры болып, білім ұясының абыройын аудан, облыс көлеміне асқақтатты.
1998-2000 жылдары мектеп ұжымының билігі Досалиев Бейсен Қонайұлына бұйырды. Бұған дейін де түрлі мектептерді басқарған азамат істің көзін таба білді. Бірақ бұл кісі де өмірден ерте озды. 2000-2009 жылдары мектеп тізгінін осы мектеп түлегі, жас та болса бас болып жүрген Дәуренбеков Қуаныш Кәрібайұлы ұстады.
2009 жылдан 2014 жылға дейін білікті де білімді басшы Махашов Бақытжан Маханұлы мектеп директорлығы қызметінде болды.
2014 жылдан қазіргі таңға дейін Бабашева Бақытгүл Мөңкеқызы мектеп директоры болып басшылық жасап отыр.