29
ноябрь
2019
«Абай жаққан бір сәуле жанбас үшін....» тақырыбында өткен апталық
Амангелді атындағы орта мектебінде ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 75 жылдығына байланысты 18.11.2019-22.11.2019ж. аралығында «Абай жаққан бір сәуле жанбас үшін....» тақырыбында апталық өтті.
Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы «Абай-заман тынысы, халық үні» деген тақырыпта Ж.Әбішева оқушылар жиынында баяндама оқыды. Мектеп кітапханасында апта бойы «Әлемге танылған Абай мұрасы» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылды. 6 «А» -сыныбының жетекшісі М.Жуасбаева «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Сынып оқушылары ұлы ақынның білім, ғылымға шақырған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, «Ескендір» поэмасы бойынша сахналық қойылым көрсетті. Апталықта 8-11-сынып оқушылары «Абай қарасөздеріндегі адамгершілік мәселелері» тақырыбында эссе жазды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.Бөбеева 9 «Ә» сыныбымен «Абай-дана, Абай-дара қазақта» деген тақырыпта ашық сабақ өтті.
Апталық соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Орынбасар 5-9-сынып оқушыларымен «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында қорытынды поэзия кешін өткізді.
Кеш барысында оқушылар ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» т.б. әндерін музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап, көрермендер көңілінен шықты. Поэзиялық кеш соңында оқушылар ұлы ақын туралы пікір айтқан ғұламалардың сөздерімен қорытындылады.