"Туған жерге тағзым" кездесу » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Туған жерге тағзым" кездесу
24
октябрь
2019

"Туған жерге тағзым" кездесу

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. 2019 жылдың 23 қазанында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында» туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі азаматтарды мектеп оқушыларына таныстыру мақсатында «Туған жерге тағзым» атты кездесу кеші өтті. Мектеп директоры Б.М.Бабашева кездесуге шақырылған, туған өлкенің өркендеуіне үлес қосып жүрген «Жамбыл -Тараз» газетінің Бас редакторы, «Кітап оқып миллионер бол!» жобасының авторы, мектебіміздің 1997 жылғы түлегі Эльмира Мырза-ғали Иниятқызын таныстырды.Кездесу барысында Эльмира Иниятқызы елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білуден басталатынына, ауылға жүрегі бұрып тұратынын, туған жердегі жақсылықтарға араласудың қаншалықты ыстық екеніне тебірене тоқталды.Өзінің балалық шағы өткен мектебіне келуі жастардың туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттырып ,одан әрі өрбуіне үлкен үлесін қосты. Оқушылар Эльмира Иниятқызының еңбек жолындағы әңгімелерін ұйып тыңдады. Кездесу барысында оқушылар туған елге деген сүйіспеншілік туған жерге сүйіспеншіліктен басталатындығын, туған елге қызмет етудің бірегей жолы- адал еңбек екенін сүйсіне тыңдады. Мектебіміздің түлегі қандай қызметте жүрсе де өзіне тәрбие берген, білім берген ұстазы Мадина Құмыққызы Сарбашеваны, Батырбеков Жеңіс Әсетайұлын және басқа да ұстаздарын бір сәт те естен шығармайтынын, оларға мәңгі қарыздармын деп есептейтінін жастарға әсерлі жеткізді. Кеш соңында ақындық шабытымен танылып жүрген, бірнеше өнер байқауларында жүлделі орындарды иеленген 9 «А» сынып білім алушысы Яшар Алихан Эльмира Инятқызына арнап өлең жолдарын оқыды
Сыр ұялап жүрегімнің төріне,
Өлең жырым келіп отыр көмейге.
Алтын жүрек апайыма бір өлең,
Жаза алмасам ақын болам несіне
Кетейін мен еңбегіңді жырға қосып,
Әрбір адал еңбегіңе қошемет кең.
Әпкемізге қолдау жасап бәріміз,
Қошеметпен қол соғайық қане біз.
Тыңдап тұрсам өмір жолың үлгі- өнеге,
Басқаларды айту қиын Сізге тең деп.
Орны бөлек жолы сара апайыма,
Өлең жазып көрейін қалам тербеп.
Өлең жырым тоғысып бір арнадан,
Жас ақынмын өзіңізге жыр арнаған.
Сіздің өмір жолыңыз әрқашанда,
Тағылымды үлгі боп тұрар маған.
Өлең сөзін жариялап басылымдар,
Иірген қара сөздің асығын дәл.
Тек қана қазағыма тілейтінім,
Көбейсінші Эльмирадай асыл жандар.