Амангелді орта мектебінде "Жастар есірткісіз болашақты таңдайды" деген тақырыпта өткен іс-шара 8-10 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Кешті өзін-өзі тану пән мұғалімі Г.Жүмәсіл кіріспе сөз сөйлеп ашты. Кешке қатысушылар көрермендермен ситуациялық жағдайларды шешіп, сұрақтарға жауап беріп, сахналық қойылымдар қойды. Есірткінің зияны туралы мәліметтер айтылып, бейнероликтер көрсетілді.Іс-шара өте қызықты,жоғары деңгейде өтті.