16
февраль
2019
"Инабатты ару-2019" қыз сыны
Амангелді орта мектебінде "Инабатты ару-2019" тақырыбында қыз сыны өтті. "Сыры мен сымбаты жарасқан" таныстыру бөлімінде қыздарымыз өнерден, білімімен жеткен жетістіктерін бейне үзінді арқылы көрсетіп, жеңгесі қызды шумақ олеңдермен таныстырды. "Анадан тәлім алған қыз" бөлімінде бейне үзінді арқылы ас мәзірімен, қол өнерін қалай дайындағанын көрсетеді. Келесі бөлімінде қыз бала жеңгесімен салт дәстүр сұрақтарына жауап берді. "Қыз өссе, елдің көркі" бөлімінде монолог оқиды. Нәтижесінде бас жүлде алған 10 "Ә" сынып оқушысы Тоқтасын Аяулым, І орын алған 9 "Ә" сынып оқушысы Оразбаева Аяулым, ІІ орын алған 9 "А" сынып оқушысы Жолдас Аяна.