07
май
2019
TIMSS-2019 халықаралық зерттеу
TIMSS зерттеуі – әлемдегі математика мен жаратылыстанудан сабақ беру және оқыту үдерістерін дамыту мақсатында жүргізіліп, қатысушы елдердің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді анықтап түсіндіруге бағытталған. TIMSS зерттеуінің ерекшелігі оқушылардың нәтижелеріне әсер ететін факторларды анықтау болып табылады. TIMSS-2019 зерттеуіне «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ-нің 4 «Б» сынып және 8 «Б» сынып оқушылары қатысу мәртебесіне ие болды.
TIMSS-2019 зерттеуі біздің мектебімізде 30-сәуір күні өтті. 4 «Б» сынып және 8 «Б» сынып оқушылары математика мен жаратылыстанудан тест жұмыстарын орындап, сауалнама жазды. Сонымен бірге бұл зерттеуге 4- сынып ата-аналары, пән мұғалімдері де қатысып, сауалнама жазды.