31
январь
2022
«Нағыз сынып жетекші қандай болу керек?»
Амангелді атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында 45 сыныптың жетекшілері арасында түрлі тақырыптарда іс-шара болып өтті. «Нағыз сынып жетекші қандай болу керек?» тақырыбында пікірлесу,кеңес беру ДТІЖО М.Сарбашева сынып жетекшілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Сынып жетекшілерінің ата-анамен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеті» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Жұмаханова баяндама оқыды. «Сынып жетекшілер мен ата-ананың ынтымақтастығы арқылы бала тәрбиесін қалай жетілдіруге болады?» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Ж.Әлімқұлова баяндама арқылы түсіндіру,кеңес беру,пікірлесу жұмыстары жүргізілді.




