03
сентябрь
2019
Сыңғырла, қоңырау» атты мерекелік жиын
2 қыркүйек күні «Саналы-ұрпақ, жарқын-болашақ» тақырып аясында 1-11 сынып білім алушыларымен тәрбие сағаттары өткізілді. Атап айтқанда, Алимкулова Жансая Базарбайқызы 6 «В» сынып білім алушыларымен «Менің жазғы ең ғажайып жаңалықтарым» қызықты тәрбие сағатын өтті. Онда балалар жазғы демалысының қызықты сәттерімен бөлісті. 8 «А» сынып жетекшісі Орынбасар Балжан Жақсынбетқызы «Лайықты болғым келеді» тақырыбында тәрбие сағатын жүргізді. Ата-заңымыздың мәртебесі мен қолдану аясы жайында түсінік беріліп, білім алушылар өз деңгейінде танымын көрсетті.