01
март
2019
"Балаларды төтенше жағдайлардан қорғау" сейсможаттығу
1 наурыз- дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай мектепте "Балаларды төтенше жағдайлардан қорғау" тақырыбында сейсможаттығу өткізілді. Шартты түрде өткізілген сейсможаттығудың мақсаты: балаларды қауіпсіз орынға көшіру мен төтенше жағдайлардың алдын алу. Жаттығу барысында алдын ала құрылған құтқару,дәрігерлік алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру,байланыс топтары мектеп құрамын мектептен тыс қауіпсіз орынға көшіру,маршруттары мен орындарын анықтау,зардап шеккендерді құтқару жұмыстарымен айналысты. Зардап шеккен оқушыларды құтқару тобы апатты аймақтан шығарып, қауіпсіз орында орналасқан алғашқы дәрігерлік көмек көрсету пунктіне жеткізіп, тәжірибелі іс-әрекеттер көрсетті. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Қауіпсіз орынға көшу 7 минут уақытты алды. Жаттығуға басшылық жасап жүрген АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы М.Ә.Жақыпов мектеп құрамына төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет жайлы түсінік берді. Жаттығудың өтілу барысы мен қорытындысы туралы мектеп директоры Б.Бабашеваға мәлімдеме берді. Жаттығу қорытындыланып, құтқару топтарының іс-әрекеттеріне баға берілді.