МАҢЫЗДЫ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАҢЫЗДЫ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
28
апрель
2025

МАҢЫЗДЫ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

МАҢЫЗДЫ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

✒️Тараз қаласы білім бөліміне қарасты "Амангелді атындағы орта мектебінің әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:❗❗❗ ✒️•
✅Бітіруші, 4 және 9-сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
✅ Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
✅Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру.
✅ Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
✅ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
✅ Оқушыларды «Соңғы қонырау» іс-шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата–анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.
✅ Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
✅ Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
✅ Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.

Құрметті ата-аналар,
Жоғарыдағы талаптарды еске алып, балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауларыңызды өтінеміз. 

Біз үшін басты мақсат – сіздердің балаларыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!
Кез келген сұрағыңыз болса, біз - әрдайым ашықпыз, байланыста болайық!
✅Байланыс номерлері: 
87072040780; 87082102446
Құрметпен, мектеп әкімшілігі.