1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады. » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.
27
март
2025

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.

🔴1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.
✍🏻Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірден басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
🏫ҚР "білім туралы" Заңына сәйкес, 1- сыныпқа ата-анаының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1-сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
🔷Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3*4 см сурет (2дана)
☑️Шетел азаматтары үшін :
Ата-аналар немесе басқа занды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты түруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсыну керек.
📌Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
👨‍👩‍👧‍👦Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!