13
май
2019
Мектеп директорының қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі
Амангелді атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Бабашева қамқоршылық кеңес алдында ІІ жарты жылдығындағы оқу -тәрбие үрдісінде атқарылған жұмыстарының есебін берді. Бұл жиналысқа қамқоршылық кеңес төрағасы Т.Спаналиев , қамқоршылық кеңес мүшелері С.Татаев , С.Жұмаханова , Қ.Есимбеков, Амангелді өндірістік кооперативінің төрағасы Қ.Қанаев, мектеп әкімшілігі, атаналар комитетінің төрайымы Ж.Шайнусова және АІІБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Е.Сексенбаев қатысты.
Мектеп директоры Б.Бабашева оқу үрдісінің қорытындысына тоқталып, І жартыжылдықпен салыстырғанда білім сапасының 3 пайызға артқанын атап өтті. Сонымен бірге оқу тәрбие үрдісіндегі атқарылған жұмыстарға жазғы ағымдық жөндеуді ұйымдастыру бойынша атқарылатын жұмыстарға толық тоқталып өтті.
Қамқоршылық кеңесмектеп директорының есебіне оң баға беріп, қанағаттанатындарын білдірді.