

“Ақылды тыңдай білу де - өнеге” тақырыбында өнеге сағаты өткізілді. Оқушылармен кездесу барысында үлкенді тыңдай білу мәдениеті, әдептілік, қарым-қатынас әдебі және өз ойын дұрыс жеткізу тақырыптары талқыланды. Оқушылар ақыл-кеңесті қабылдаудың өмірдегі рөлі, өзара құрмет пен адамгершілік құндылықтарының маңызы туралы пікір алмасты. Іс-шара тәрбиелік маңызға ие болып, оқушылардың тұлғалық дамуына, әдептілік дағдыларын қалыптастыруына ықпал етті. Іс-шараның мақсаты - үлкендердің өмірлік тәжірибесі арқылы сабақ алу; әжелердің кеңесі мен әңгімесі арқылы үлгі көрсету; алынған тәжірибе мен кеңесті күнделікті өмірде қолдану қабілетін қалыптастыру.