16
October
2025
“Еңбек пен кәсіп - қауіпсіз өмір кепілі”
«Еңбек пен кәсіп – қауіпсіз өмір кепілі» тақырыбында еңбек мәдениеті, кәсіп таңдаудың маңызы және қауіпсіз еңбек дағдылары туралы түсінігін кеңейту мақсатында танымдық кездесу өткізілді. Кездесу барысында мамандар мен ұстаздар қауіпсіз еңбек ережелері, кәсіптің жауапкершілігі, болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңызы туралы тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар белсенді сұрақ қойып, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың өмірдегі рөлі туралы пікір алмасты. Іс-шара жас ұрпақты еңбекке құрметпен қарауға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.