Қоғамдық мүлікті қорға » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қоғамдық мүлікті қорға
10
октябрь
2025

Қоғамдық мүлікті қорға

06-10.10.2025 ж. аралығында аға тәлімгер Б.Самбетова өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен мектеп маңайындағы тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандардың сақталуын қамтамасыз ету, вандализмнің алдын алу және құқықбұзушылық әрекеттерін анықтау мақсатында рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Рейд жұмыстары барысында ДҚТІЖО Л.Коспанова, аға тәлімгер Б.Самбетова, мектеп инспекторы Н.Кулшымбаев пен оқушылардан құралған топ мектеп маңайында орналасқан мәдени нысандарды, мектеп ауласын аралап, төмендегі бағыттар бойынша бақылау жүргізді: нысандардың айналасын тазалық тұрғысынан тексеру; вандализм белгілерін (сызбалар, жазулар, сындыру әрекеттері) анықтау; мәдени нысандарға зиян келтірудің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары; мектеп оқушыларына және тұрғындарға мәдени мұраға құрметпен қарау туралы еске салу; құқықбұзушылық фактілері байқалған жағдайда жауапты органдарға хабарлау тәртібі түсіндірілді. Рейд нәтижесінде граффити, бұзушылық тіркелген жоқ. Оқушылардың мәдени мұраға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған бұл іс-шара қоғамдағы мәдени орындардың сақталуына оң ықпал етеді.