"Атадан өсиет- анадан қасиет" тақырыбы аясында шеберлік сынып сағаты өткізілді. » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Атадан өсиет- анадан қасиет" тақырыбы аясында шеберлік сынып сағаты өткізілді.
06
апрель
2025

"Атадан өсиет- анадан қасиет" тақырыбы аясында шеберлік сынып сағаты өткізілді.

⚜️Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік 
🔰Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебі" КММ 
🔹2025 жылдың 4  сәуір күні  "Атадан өсиет- анадан қасиет" тақырыбы аясында  шеберлік сынып сағаты өткізілді. 
🔹Мақсаты: оқушыларға ата-бабаларымыздың даналық өсиеттері мен аналарымыздың бойындағы асыл қасиеттері туралы түсінік беру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, отбасылық тәрбиенің маңызын ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа баулу.
🔹Шеберлік сынып сағаты барысында Ж.Әшімбаев  ұлдарға қамшыны жасау – шеберлікті қажет ететін, ұзақ уақыттық тәжірибемен келетін өнер екенін,  қайыстан (сиыр, өгіз, жылқы, түйе терісінен) жасалатыны туралы айтты.Жасалу кезеңдерін теріні илеу , таспа тілу, өру – шебер 3, 5, 7, 9, 11 немесе одан да көп таспамен өріп шығаратынын түсіндірді.Сап жасау – ағаштан, мүйізден немесе темірден істеліп, өріммен біріктірілетіні жайлы ақпарат берді. 
🔹Қыздарға  Досымова Зауре апамыз Бесікке салу дәстүрі:
Баланы алғаш рет бесікке салу — қазақта маңызды дәстүр. Бұл рәсім “бесікке салу” деп аталады. Оны көбіне тәжірибелі, көп балалы аналар жүргізеді. Бұл рәсімде бесікке қатысты әндер (бесік жыры) айтылады, шашу шашылып, тілек тілейді.
🔹 Бесіктің құрылымы:
Бесік ағаштан жасалады, көбінесе тал немесе қайың сияқты жеңіл әрі иілгіш ағаш таңдалады.
🔹Оның негізгі бөліктері:
Жастық, жөргек, түбек – баланың тыныш әрі таза ұйқысы үшін керек.
Арқалық – бесіктің үстіңгі жағындағы көлденең ағаш.
Жорға – бесіктің тербелуін қамтамасыз етеді.
Шүмек пен түбек – баланың таза, жайлы жатуына таптырмас құрал екенін түсіндірді.
Білім алушылар көптеген мағлұматтар алып, сұрақтарға жауап алды. 

✅Жауапты: Е.Сейділдаев 
Н.Маллева