Жамбыл ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған “Қош келдің, Жаңа жыл!” жаңа-жылдық шырша өтті! » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған “Қош келдің, Жаңа жыл!” жаңа-жылдық шырша өтті!
25
декабрь
2024

Жамбыл ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған “Қош келдің, Жаңа жыл!” жаңа-жылдық шырша өтті!

🎄«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»

🎄Жамбыл ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған “Қош келдің, Жаңа жыл!” жаңа-жылдық шырша өтті!

🔹Мерекелік шараға Жамбыл ауданы  әкімінің орынбасары Досымбекова Махпал Сатыбалдықызы, Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы Абдирасилова Зауре Садуақасқызы қатысты.

🔹Мерекелік шырша барысында балаларға арналған түрлі ән шырқалып, Аскар Токпанов атындағы Облыстық қазақ драма театры әртістері келіп балаларға көңіл күй сыйлайтын концерттік бағдарлама қойды.

🔹Жеке кәсіпкер Тоқсеитова Ботагөз Төлегенқызы   балаларға арналған тәтті сыйлықтар мен ПМПК-да арнайы кабинет жабдықтау үшін 3 млн теңге сертификатын табыстады.  

🔹Айта кетейік, ауданда  2024-2025 оқу жылында «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік  мекемесінде    ерекше білім алуға қажет ететін  174 (мектеп  жасына дейін- 125, мектеп жасындағы-49),  үй жағдайында білім алатын - 126 бала, ал 122 бала мемлекеттік орта мектептерде инклюзивті біліммен қамтылған.

🎄 Жаңа жылдық шырша кешінде барлық балаларға тәттілер мен сыйлықтар ұсынылды.
💐Демеуші болған мекемелер мен азаматтарға алғыс айтамыз! 
Жеке кәсіпкер Б.Тоқсеитова,
Жамбыл аудандық РЭС бөлімі,  
Жамбыл аудандық АКПЗ завод, 
“Жасмин” дүкені, 
Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі.