Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау
04
ноябрь
2024

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау

🔷Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру - өте өзекті мәселелердің бірі. 

✅Бүгінде осы мәселелерді тиімді шешу үшін Жамбыл облысында бірқатар мазмұнды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, құқықтық тәрбие жұмыстарын жетілдіру, қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында облыста 93 мобильдік топтар құрылған. Мобильдік топтардың құрамына білім саласы қызметкерлерінің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық прокуратура мен полиция органдары енгізілген. Облыстың білім беру ұйымдарында 2024 жылы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бүгінгі күнге дейін 1244 іс-шара  өткізілген. 

▶️Бұл бағытта нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін өңірде «Бестерек», «Komek Stop Bullying», «Психологиялық қызмет HR+», АИК (Аналитикалық интернет карта) жобалары мен KiVa, «ДосболLIKE» сынды бағдарламалар да іске асырылуда.

🔸Облыс көлемінде жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 14,3% төмендеген.