Құрметті достар! » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 2-55-41
bookkeeping:
+7(72) 2-55-41
Version for
visually impaired
» » Құрметті достар!
05
January
2025

Құрметті достар!

Құрметті достар!

Кітап – рухани азық, жанымыздың шуағы, болашағымыздың бағдары. Биылғы 2025 жылды Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» деп белгілеу – осы құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған қадам.

Жаңа жылдық демалыста мен де уақыт тауып, халқымыздың мақтанышына айналған қабырғалы қаламгер Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романын және поэзияның ақ гүлі атанған Күләш Ахметованың «Құт» атты өлеңдер жинағын қайта оқып шықтым.

Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасы» – тағдырлы ананың ерлігі мен қайсарлығын бейнелеген ғажап туынды.

Романның басты кейіпкері Айша — шексіз мейірімді, ұрпағы үшін барлығына дайын ана. Оның бейнесі арқылы әйелдің рухани биіктігі мен төзімділігі айқын көрініс табады. Роман сонымен қатар қоғамдағы тарихи оқиғалар мен адамдардың тағдырын шынайы түрде көрсетеді.

«Ай мен Айша» – адамның жүрегіне әсер етіп, ананың махаббаты мен қайсарлығын терең сезінуге шақыратын терең философиялық туынды.

Күләш Ахметованың «Құт» жинағы болса, өлеңнің қасиетін, сөздің құдіретін сезіндірді. Оның:
«Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,
Кір түсірме ел деген ұлы есімге.
Ата мекен — бақыты бабалардың
Жеңіп алған сан ғасыр үлесінде...» деген өлең жолдары әр оқырманды туған елді шексіз сүюге шақырғандай әсер береді.

Әулиеата өңірі – ақын-жазушылардың мекені, сөз өнерінің төрі. Ендеше, баршаңызды «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында кітап оқуға шақырамын! Уақыт бөліңіз, кітап оқыңыз, рухани байыңыз!

Адамзаттың алыбы Абай: «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге...» деп, кітаптың құндылығын ерекше атап көрсеткен. Ендеше, біз де білім мен руханияттың кілтін кітаптан табайық!
___

Дорогие друзья!

Книги несут в себе знания и духовность. В целях возрождения культуры чтения в нашей области 2025 год объявлен Годом книги. 

Во время новогодних праздников я решил поддержать эту хорошую инициативу и прочитал произведение истинно народного писателя Шерхана Муртазы  «Ай мен Айша» и сборник стихов поэтессы Куляш Ахметовой «Құт». 

Произведение «Ай мен Айша» о беспримерном мужестве, стойкости и человечности матери-женщины. Главная героиня романа Айша отличается стойкостью характера, это собирательный образ казахских женщин, хранительниц домашнего очага и национальных традиций. Также убедительно переданы характеры героев и положение простого народа.  

Роман, утверждающий величие материнской любви, не может оставить никого равнодушным, в нем заложен глубокий философский смысл. 

Бсо касается сборника стихов Куляш Ахметовой «Құт»,  бесспорно, что благодаря ее стихам мы учимся ценить художественную красоту и силу слова.  Недаром народ прозвал ее белым цветком казахской поэзии. 
 «Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,
Кір түсірме ел деген ұлы есімге.
Ата мекен — бақыты бабалардың
Жеңіп алған сан ғасыр үлесінде...», - пишет поэтесса и призывает своих читателей любить Родину. 

Аулиеата - родина именитых поэтов и прославленных писателей. Призываю всех земляков поддержать проект «Аулиеата – читающий регион». Читайте, развивайтесь, становитесь лучше! 

Великий Абай не уставал призывать нас к чтению: «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге...». Давайте вместе искать ключ к знаниям в книгах!