Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым-ЖоMarch Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген сұхбатынан. » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 2-55-41
bookkeeping:
+7(72) 2-55-41
Version for
visually impaired
» » Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым-ЖоMarch Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген сұхбатынан.
03
January
2025

Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым-ЖоMarch Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген сұхбатынан.

Былтырғы тасқын еліміз үшін зор сынақ болды. Мұндай алапат тасқын Қазақстанда бұрын болмаған. Мемлекет орасан зор қауіптің бетін қайтару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Адамдар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді, олардың уақытша паналайтын орындары әзірленді, материалдық резервті пайдалануға рұқсат берілді. Апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің ғана емес, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның және басқа да құрылымдардың қызметкерлері, жалпы саны 63 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Соның арқасында көптеген азаматты құтқарып, аман сақтап қалдық. Ең бастысы – осы.

Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмыла білсек қана мұндай апаттарды еңсере алатынымызға бәріміз көз жеткіздік. Су тасқыны кезінде волонтерлер қозғалысының әлеуеті зор екенін көрдік. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген еріктілер құтқарушыларға жәрдемдесті, гуманитарлық көмек ұйымдастырып, зардап шеккендерге қолдау көрсетті. 
Қарғын судың қарқыны шынымен де қатты болды: үйлер, жолдар, көпірлер, әлеуметтік және коммерциялық нысандар бүлінді, біраз мал қырылды. Бөгеттер мен гидротехникалық қондырғылар салуға ондаған жыл бойы жете көңіл бөлінгенде, апаттың салдары соншалықты ауыр болмас еді. Мұны мойындау керек.

Қазақстан Республикасының The presidentі Қасым-ЖоMarch Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген сұхбатынан.