"Амангелді атындағы орта мектебіне" Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. » Сш Амангелды
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 2-55-41
Есепші бөлімі:
+7(72) 2-55-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Амангелді атындағы орта мектебіне" Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
25
ноябрь
2024

"Амангелді атындағы орта мектебіне" Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔰Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебіне" КММ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔹"Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті" деп  Аристотель айтқандай ХХІ ғасырда  білімді болудың  маңызы зор. Қандай жағдай болмасын тек біліммен ғана дамыған елдер қатарына қосылып , бәсекелесе аласың. Сондықтан білімді шыңдаймын деген қазіргі ұрпаққа мүмкіндіктер көп. 
🔹Жақында Тараз қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен мұғалімдер келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп кетті. 
🔹Мектептің ерекшелігі еліміздің қарқынды дамуы мен әлеуетін арттыруға бағытталған мамандықтарға жол салатын Кембридждік білім беру жүйесімен оқытады. Балалардың толыққанды білім алуына барынша жағдай жасалған. Әсіресе ауыл балаларының осы мектепте білім алуына үлкен мән берілген.
🔹Мектепке қабылдану 6 сыныптың ІІІ тоқсанында жүргізіледі. Сондай - ақ түсіндірме жұмыстары барысында виртуальды мектеп жобасы, мектепке түсу үшін болатын  сынама емтихандар және 30 қараша күні өтетін ашық есік күні туралы да кеңінен айтылды. Қосымша ақпараттарды  nis.edu.kz сайтынан алуға болады.